04 ақпан 2021 13:27

Нұр-Сұлтанда проекциялық жаяу жүргінші өткелі орнатылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Нұр-Сұлтан әкімдігінің баспасөз қызметі Фото: Нұр-Сұлтан әкімдігінің баспасөз қызметі

Астанада жаяу жүргіншілер өткелін проекциялық жарықтандырудың эксперименттік жобасы іске қосылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Астанада жаяу жүргіншілер өткелін проекциялық жарықтандырудың эксперименттік жобасы іске қосылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Жарықтандырудың бұл түрі тиімді әрі сенімді болса, технологияны қалада жол көлік оқиғасы жиі болатын жол учаскелерінде қолдану қарастырылады", - деп атап өтті Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы өкілі.

Жарық Қабанбай батыр даңғылы мен Атасу көшесінің қиылысында орнатылды. Үш жарықдиод шам қараңғы уақытта тасжолда жаяу жүргіншілер өткеліне жарық береді. Автокөлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілер кез келген ауа райында жолда ақ және сары жаяу жүргіншілер өткелін айқын көре алады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети