28 қазан 2019 10:15

Павлодарда патрульдік электрмобильдер пайда болды

Павлодар қаласының Орталық жағалауында демалушы азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында павлодарлықтардың ең танымал демалыс орындарының бірін патрульдеу үшін құқықтық тәртіп сақшылары электрмобильдерді пайдаланатын болады, - деп хабарлайды "Елорда Инфо" облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қала тұрғындары мен қонақтарының сүйікті демалыс орнында жаз мезгілі кезінде күн сайын бұқаралық іс-шаралар өткізіледі. "Ертіс променад" сахнасында шетелдік және отандық эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді, челендж, флешмобтар, түрлі ауқымды акциялар өткізіледі. Қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша қызметті тиімді атқару мақсатында енді электрмобильдердің мүмкіндіктері пайдаланылатын болады", - деп атап өтті облыстық департаменттің басшысы, генерал Амантай Әубәкіров.

Реклама
Реклама

Енді полиция департаментінің қарамағында электр жетегі бар 2 жаңа электрмобиль бар.

Бұл экологиялық таза және үнемді көлік, бензинге шығын шықпайды. Қазіргі заманғы электрмобиль төрт адамға есептелген, сондай-ақ оның екі орыны жолаушыларды тасымалдау үшін арналған. Электрмобильдің жылдамдығы сағатына 30 шақырымға дейін, қозғалыс қоры 100 шақырымды құрайды, ол әдеттегі тоқ қуатымен қуатталады, және электрмобильдер шусыз қозғалады, бұл патрульдеу үшін үлкен мағызы зор.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram