Ресейде мінілген көліктерді сатуға тыйым салынуы мүмкін

© РИА Новости

Ресейдің өнеркәсіп және сауда министрлігі мінілген көліктерді қолдан сатуға тыйым салу туралы ұсынысты қарастырады, - деп хабарлайды Аuto.vesti.ru.

Бұл ұсыныс ресейліктердің мінілген көліктерді тікелей келісімдер арқылы сатып алу мүмкіндіген айырып, мінілген көліктерді дилерлер арқылы сатып алуына мүмкіндік береді. Сонымен қатар, автокөлік иелері көліктерді дилерлік орталықтардың көмегімен сатып алуға міндеттелетін болады. Осылайша автокөлік бірнеше техникалық және заңгерлік тексерістен өткен соң ғана сатылады.

Сарапшылардың айтуынша, ресейлік билік өкілдері осы ұсынысты қолдаса, автокөліктердің бағасы айтарлықтай өседі - әрине, сатушы мен сатып алушы арасындағы қызмет те тегін болмайды.

Реклама
Реклама

"Ресейлік автокөлік дилерлері" ассоциациясының басшысы Владимир Моженковтың айтуынша, нарықтағы жаңа ережелер мінілген көліктердің нарығын жандандырады, себебі сатып алушылар мінілген көліктердің қауіпсіздігіне сенімді болады. Осындай өзгерістердің нәтижесінде мемлекеттік бюджет жыл сайын толықтырылып отырады.

Айта кетейік, Қазақстанда елдегі автопарктерді жаңарту мақсатында алымдар енгізілген болатын. Сонымен қатар, Қазақстан 2016 жылы "Өндірушілер мен импорттаушылардың міндеттерін арттыру" ережесімен жұмыс істей бастады. Қазір үкімет пайдалануға берілген көліктерге байланысты бағдарламаны жетілдіріп жатыр.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама