ПОДЕЛИТЬСЯ
15 қаңтар 2020 | 17:25
Ресейлік нөмірмен жүрген автокөліктерге шектеу жоқ - ІІМ
Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев шетелдік есепте тұрған автокөліктерді тіркеу ережесін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев шетелдік есепте тұрған автокөліктерді тіркеу ережесін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оның айтуынша, мұндай көліктерді тіркеу үшін, олардың иелеріне ҚР аумағынан шығып, 30 күн өткен соң Қазақстанға қайта кіруге тура келеді екен.
"Негізінен Армения мен Қырғызстаннан келген көліктерге қатысты айтылады. Бұл ресейлік көліктерге қатысы жоқ. Қазақстанға кіріп жатқан барлық көліктерге кедендік тазалық ережесі (мұны көлік иелері жасауы керек) бойынша олар егер ережеден тыс рәсімделген болса Еуразиялық экономикалық одақ мүшелігіндегі Қазақстанға келетін барлық көліктер жатады. Бізде олар екі ел - Қырғызстан және Армения. Оларда 2020 жылға дейін кедендік ресімдеудің жеңілдетілген кезеңі болды, яғни онда кедендік баж салығы ЕАЭО-ның басқа мүшелері - Ресей, Беларусь және Қазақстандағыдан әлдеқайда төмен болды.
Сондықтан, бұл тек Қырғызстан мен Армения азаматтарына ғана тарала бастады, олар өз автокөліктеріне бізге уақытша енгізу ережелері бойынша келіп, әрі қарай еркін жүре алады. Біздің азаматтарымызға келетін болсақ, олар бастапқыда бұл көліктерді кедендік тазартуды толық жүргізулері тиіс еді", - деп түсіндірді Қожаев.
Ол түсіндіру жұмыстары бұрын да жүргізілгенін, бірақ қазақстандықтар ережені сақтамағанын атап өтті.
"Сондықтан біз қазір осы заңбұзушылықтарды әкімшілендіру сатысына көшеміз және біздің азаматтарымыздың кедендік тазалауды толығымен жүргізуі немесе осы көліктерді алып кетуі үшін шаралар қабылдайтын боламыз. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы крдексінде қарастырылған кедендік тазартудан өтпеген азаматтардың автокөліктері айыптұрағына қамалатын болады. Олар осы көліктерді кедендік рәсімдеуден өткізуі тиіс, олай болмаған жағдайда олардың автокөліктері айыптұраққа жөнелтіледі және жүргізушіге 20 АЕК айыппұл салынады", - деп нақтылады Қожаев.
Показать комментарии
Читайте также