28 желтоқсан 2022 14:35

Шетелдік көліктерді заңдастыру: техникалық байқау қашан басталады?

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:elements.envato.com

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Қазақстанда шетелде тіркелген көліктерге техникалық байқау қашан басталатынын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Қазақстанда шетелде тіркелген көліктерге техникалық байқау қашан басталатынын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Басқа мемлекеттерде тіркелген көлік құралдарын міндетті техникалық байқаудан өткізу "Жол қозғалысы туралы" заңға тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін жүргізілуі мүмкін.

Қазіргі уақытта Мәжілістің қарауында жатқан "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекет басшысының кейбір тапсырмаларын орындау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына қажетті заңнамалық түзетулер енгізілді", - делінген хабарламада.

Министрлік заң жобасының қабылдануына қарай шетелдік автокөліктерді міндетті техникалық байқаудан өткізу тәртібі туралы қосымша ақпарат ведомствоның ресми сайтында жарияланатынына уәде берді.

Реклама
Реклама

Шетелдік көліктерді тіркеу 200 мың теңге: Тоқаев заңға қол қойды

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram