ПОДЕЛИТЬСЯ
15 тамыз 2019 | 12:09
Шілде айындағы үздік сатылымдағы автокөліктер белгілі болды
Өткен ай бойынша Қазақстанда көп сатылған ТОП-10 автокөліктер көшін Toyota бастап тұр, - деп хабарлайды Елорда Инфо.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Өткен ай бойынша Қазақстанда көп сатылған ТОП-10 автокөліктер көшін Toyota бастап тұр, - деп хабарлайды Елорда Инфо.
"Шілде айында еліміздің автокөлік нарығы сенімді қарқынмен өсті. Оған себеп - осы сала бойынша көш бастаушы 3 брендтің өз өнімдерін диллерлерге өткізу көрсеткішінің өсуі. 2019 жылдың шілде айында жаңа автокөлік сату өткен жылмен салыстырғанда 11 пайызға артық болып шықты. Бір айдың ішінде 6 183 жеңіл автокөлік сатқан, одан бөлек 854 - ауыр жүк көлігі, арнайы техника және автобус сатылды. Жеті айдың ішінде жалпы автокөлік сату өткен жылмен салыстырғанда 21 пайызға артып, барлығы 39 115 автокөлік сатылды", - деп хабарлайды Қазақстанның автобизнес қауымдастығы.
Сонымен қатар, қауымдастық шілде айы бойынша Қазақстанда жиі сатылған ТОП-10 автокөлік тізімін жасады.
"Қазақстанда көп сатылған ТОП-10 авкөліктер көшін Toyota бастап тұр, шілде айында бұл марканың 1 425 данасы сатылды. Екінші орында Lada (1 417 дана), үшінші орында Hyundai (1384), төртінші орында Ravon (325), бесінші Kia (245), алтыншы Renault (244), жетінші Nissan - 192, сегізінші Skoda (168), тоғызыншы Lexus (139) және ондықты Jac авкөлігі аяқтайды өткен айда бұл марканың 126 данасы сатылды", - делінген хабарламада.
Ақпаратта айтылғандай, шілде айында қазақстандықтар автокөлік алуға 375,1 млрд теңге (999,0 млн АҚШ доллары) жұмсаған.
Показать комментарии
Читайте также