Тоқаев қымбат көлік сатып алуға мораторий жариялауды ұсынды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қымбат көлік сатып алу мен түрлі форумдар өткізуге мораторий жариялауды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қымбат көлік сатып алу мен түрлі форумдар өткізуге мораторий жариялауды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Бұл туралы Президент үкіметтің кеңейтілген отырысында мәлім етті. 

"Қымбат көліктер мен жиһаздар алу, түрлі форумдар, семинар мен мәслихаттар өткізуге кететін шығындарға ұзақжылдық мораторий жариялауды ұсынамын. Іс-шаралар тәжірибелік және идеологиялық пайда әкелуі керек", - деді Тоқаев. 

Реклама
Реклама

Айта кетейік, бүгін елордада Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр. Отырыста Үкімет еліміздің 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларының есебін береді, сондай-ақ Мемлекет басшысының Үкіметке ел дамуының негізгі бағыттары бойынша берген тапсырмаларының орындалу барысы талқыланады.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама