Toyota мен Hyundai 110 мың автомобильді қайтарып алмақшы

Toyota мен Hyundai 110 мың автомобильді қайтарып алмақшы Toyota Tundra © flickr/Truck Hardware

Toyota мен Hyundai а?ау?а байланысты 110 мы? автомобильді ?айтарып алады, деп хабарлады life.ru.

Toyota мен Hyundai ақауға байланысты 110 мың автомобильді қайтарып алады, деп хабарлады life.ru.

Порталдың хабарлауынша, қайтарып алу ресми түрде биыл наурыз айында басталады. Автоөндірушілер барлық ақауды тегін жөндеуге сөз берді.

"Toyota және Hyundai Жапония мен Оңтүстік Кореяның автомобиль компаниялары Солтүстік Америка елдеріндегі 110 мыңға жуық автокөлікті зауыт жіберген ақауға байланысты қайтарып алатындарын хабарлады", - делінген жарияланымда.

Реклама
Реклама

БАҚ мәліметтеріне сенсек, Toyota шамамен 65 мың Tundra пикапы мен Sequoia жол талғамайтын көлігін қайтарып алмақшы. Бұл маркадағы автомобильдердің қозғалыс кезінде орнықтылықты бақылайтын электронды жүйесі өшіп қалуы мүмкін.

Дәл сол күні Hyundai компаниясы Солтүстік Америка нарығынан шамамен 44 мың Santa Fe кроссоверін қайтарып алатынын хабарлады, мұндағы проблема - меңгерік дөңгелегі. Ол мықтап бекітілмеген, сондықтан басқару бағанасынан ажырап кетуі мүмкін.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама