Ұлыбританиялық инженер ұшатын мотоцикл құрастырды

© YouTube/ colinfurze

Ұлыбританиялық инженер Колин Ферз өзінің гаражында ұшатын мотоцикл - ховербайк құрастырды, - деп хабарлайды Lenta.ru.

Құрастыру жұмыстарын аяқтағаннан кейін ол өз туындысының жұмысын видеоға түсірген. Роликтен мотоциклдің жерден шамамен 50 сантиметрге көтеріліп, бірнеше метрге дейін ұшқанын көруге болады. Бір тәулік ішінде видео миллионнан аса көрілім жинады. Ховербайкты құрастыру үшін Ферз пропеллері бар екі қозғалтқышты пайдаланған екен.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, Стэмфорд қаласында тұратын Ферз өзінің ерекше туындыларымен танымал. Бұған дейін инженер балаларға арналған жүйрік арба мен гранататқышын таныстырды.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама