ПОДЕЛИТЬСЯ
19 шілде 2019 | 11:12
#Abai175: Нұрлан Ноғаев Сириядан оралған қазақстандықтан эстафетаны қабылдады
Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Сириядан оралған қазақстандықтан Абайдың 175-жылдығына арналған эстафетаны қабылдады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыс əкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Сириядан оралған қазақстандықтан Абайдың 175-жылдығына арналған эстафетаны қабылдады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыс əкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған эстафетаны Нұрлан Ноғаевқа 6 адам жолдаған. Қазақ ұлттық өнер университетінің 6-сынып оқушысы Медея Даниярқызы, Сириядан оралған қазақстандық Балжан Абдрахманова, "Ақ Жайық" газетінің директоры Айнұр Сапарова, атыраулық №18 мектептің 9-сынып оқушысы Нұрлыбеков Нұрасыл, сондай-ақ актер, театр және кино режиссері Талғат Теменов пен дирижер Бауыржан Ақтаев эстафетаны Нұрлан Ноғаевқа жолдаған болатын.
Атырау облысының әкімі Абайдың "Жасымда ғылым бар деп ескермедім" атты өлеңін оқып, эстафетаны профессор, философия ғылымдарының докторы Ғарифолла Есімге жəне жазушы Роллан Сейсенбаевқа, экономика ғылымдарының докторы Елеусін Сағындықовқа жолдады.
Айта кетейік, Абайдың өлеңдерін оқу эстафетасын 9 жастағы оқушы Ләйлім Шырақ бастап, оны Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа жолдаған болатын. Президент ұлы ақынның "Ғылым таппай мақтанба" өлеңін оқып, эстафетаны білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке, мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловаға және әнші Димаш Құдайбергенге жолдаған еді. Кейін эстафетаны қабыл алған үшеуі де Абайдың туындысын оқып, челленджді әрі қарай жалғастырған.
Бүгінге дейін эстафетаны қабыл алған еліміздің шоу-бизнес жұлдыздары мен шенеуніктері ұлы ақынның туындыларынан үзінді оқыды. Ресейлік композитор Игорь Крутой да Димаш Құдайберген жолдаған эстафетаны қабылдап, Абайдың бір өлеңін оқыған еді.
Показать комментарии
Читайте также