Әбдіжәміл Нұрпейісов Нобель сыйлығына ұсынылды

Қазақстанның халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісов©Нұрғиса Елеубеков

Биыл Қазақстанның атынан Нобель сыйлығына халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісов ұсынылды. Бұл туралы Қазақ ПЕН-клубының президенті Бигелді Ғабдуллин мәлімдеген, - деп хабарлайды "Алаш айнасы" басылымы "ҚазАқпаратқа" сілтеме жасап. 

Қазақ ПЕН-клубының президенті Бигелді Ғабдуллиннің айтуынша, атақты жазушы өткен жылы да осы сыйлыққа ұсынылған. "Өткен жылы Әбдіжәміл аға тіпті Нобель комитетінің 5 адамдық қысқа тізіміне ілінді! Биыл да Қазақ ПЕН-клубы Әбдіжәміл ағаны ұсынып отыр. Негізі Қазақстанның атынан Нобель сыйлығына ақын-жазушыларды ұсыну бойынша тек әдебиет институты мен Қазақ ПЕН-клубының ғана құқығы бар" - дейді Бигелді Ғабдуллин.

Сонымен қатар, Қазақ ПЕН-клубының президенті бүгінгі таңда қазақтың классик жазушыларының туындыларын ағылшын тіліне аудару жұмыстары жүргізіліп жатқандығын жеткізді.

Реклама
Реклама

 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама