ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 13 қыркүйек 2019 13:17
Әбілфайыз Ыдырысов дүниеден өтті
Танымал журналист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әбілфайыз Ыдырысов қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл туралы Қазақстан ІІД баспасөз қызметі растады. Әбілфайыз Ыдырысов - Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшісі, ІІД бұрынғы басшысы Ерлан Ыдырысовтың әкесі.
Әбілфайыз Ыдырысов өмірден 89 жасында озды. Ол ұзақ жылдар бойы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да жұмыс істеген, тарих ғылымы кандидаты, ҚР-ның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, ҚР-ның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы.
Ыдырысов 800-ге жуық жазба қалдырған. Ол - атақты "Таңшолпан" романының авторы.
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу