11 қазан 2019 | 13:18

Ақтауда Әбіш Кекілбайұлының 80 жылдығына арналған іс-шаралардың ашылу салтанаты өтті

Кеше Ақтауда Абай атындағы мәдени-демалыс кешенінде Қазақстан Республикасының Мәдениет және қоғам қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Халық жазушысы Әбіш Кекілбайұлының 80 жылдығына арналған мерейтойлық іс-шаралардың ашылу салтанаты болып өтті.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Кеше Ақтауда Абай атындағы мәдени-демалыс кешенінде Қазақстан Республикасының Мәдениет және қоғам қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Халық жазушысы Әбіш Кекілбайұлының 80 жылдығына арналған мерейтойлық іс-шаралардың ашылу салтанаты болып өтті.

Салтанатты шараға Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев, Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов және еліміздің әр түпкірінен келген ел ағалары, Әбіш ағаның замандастары, үзеңгі-әріптестері, қабырғалы қаламгерлер мен өнер тарландары, ғалымдар, жұртшылық өкілдері қатысты.

Реклама
Реклама

Шарада сөз алған Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Н. Назарбаевтың Маңғыстау жұртшылығын аталған мерейтоймен құттықтауын жеткізді.

"Ең бастысы "Басымызға қонған бақыт құсы - тәуелсіздігімізден айрылып қалмауымыз керек" деп менің бағытымды қолдап, халықты сабырлы да, саналы болуға шақырғаны барша қазақстандықтардың есінде. Жоғары кеңестің төрағасы, мемлекеттік хатшы сияқты биік лауазымды қызметтерді атқарған ол өзіне артылған зор сенімді абыроймен ақтай білді. Парламент сенатының депутаты болған тұста да қоғам тынысын тап басып, тұтас елдің ойындағы сөзін сөйледі. Асыл азаматтың мерейтойын бүгінде туған елі лайықты атап өтуде. Алматы қаласындағы бір көшеге Әбіш Кекілбаевтың аты берілді. Киелі Маңғыыстауда еңселі ескерткіш бой көтеріп, мәдени орталықтың тұсауы кесіліп отыр. Данышпан Абайдың "Сүйер ұлың болса, сен сүй, сүйінерге жарар ол" деген сөзі бар. Ел жұртына сіңірген елеулі еңбегі мен тарих төрінен орын алған Әбіш Кекілбаевтың ғибратты ғұмыры халқымыздың жадында әрдайым сақталады деп сенемін. Мерейтой құтты болсын, ағайын!", - делінген құттықтау хатта.

Салтанатты кештің ашылуында аймақ басшысы Тұрымов Серікбай Өтелгенұлы мерекеге орай алыстан келген мәртебелі меймандарға ризашылығын білдіре отырып, Әбіштей заңғар жазушының 80 жылдық мерейтойын атап өтудің бүкіл Қазақ елі үшін, халқымыздың өткені мен бүгінін саралап,жарқын келешегіне бастайтын маңызы зор, ауқымды, іргелі іс болып табылатынына тоқталды. Халық жазушысының мол әдеби мұрасын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, халқымыздың рухани байлығын арттыру қажеттілігін тілге тиек етті.

"Әбіш Кекілбайұлы көрнекті мемлекет қайраткері ретінде егемен еліміздің өсіп-өркендеуіне бар күш-қажырын сарп етті. Біздің көздегеніміз - Әбіш Кекілбайұлының бай әдеби мұрасын ізгі ұрпақ өкілдеріне насихаттау, ой-санасына сіңіру. Ұлт мәртебесіне айналған Ұлы суреткердің бір өзі бір дәуірге тұрарлық мазмұны терең туындыларын атадан-балаға, ұрпақтан-ұрпаққа аманат ету - азаматтық парызымыз",- деді Маңғыстау облысының әкімі С. Трұмов.

Кеш қонақтарының алдында Н. Жантөрин атындағы музыкалық драма театры актерлері, Гүлсина Мирғалиеваның театр мектебі, Халықтық ұжым "Жорға" би ансамблі Ә.Кекілбайұлы шығармалары мен сұхбаттарының негізінде театрландырылған "Аманат арқалаған Абыз" атты прологты сахналады.

Салтанатты жиынның соңы халықтық ұжым "Жорға" би ансамблінің орындауындағы "Әбіш Әлемі" қойылымына ұласты.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная