ПОДЕЛИТЬСЯ
05 қараша 2019 | 16:31
Алматыда "Арманымдағы Қазақстан" байқауының көрмесі өтеді
Алматыда "Арманымдағы Қазақстан" байқауына қатысқан суретшілердің туындылары қойылған көрме өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Талантты қылқалам шеберлеріне арналған байқау ERG компаниясы қолдауымен жүзеге асырған "Алаш Медиа Групп" холдингінің жобасы.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматыда "Арманымдағы Қазақстан" байқауына қатысқан суретшілердің туындылары қойылған көрме өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Талантты қылқалам шеберлеріне арналған байқау ERG компаниясы қолдауымен жүзеге асырған "Алаш Медиа Групп" холдингінің жобасы.
Байқауға қатысушылар 20, 50 және 100 жылдан кейін Қазақстанды қалай елестетіндерін бейнелеген. Көрме 6 қараша күні Ә.Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейінде ашылады. 30 қарашаға дейін жалғасады.
Келушілер назарына байқаудағы 30 үздік туынды ұсынылады. Жұмыстар байқаудың artdream.kz сайтында жарияланады. 2019 жылдың маусымы мен шілде аралығында өткен болатын. Суреттер "Цифрлы өнер" және "Бейнелеу өнері" аталымдары бойынша қабылданды.
"Цифрлы өнер" аталымы бойынша жеңімпаз атанған және жүлдегер болған суреттер:
1. Станислав Анастасьев (Алматы) - Жарқын болашақ
2. Данияр Кдыров (Алматы) - Нұр-Сұлтандағы көктем
3. Талғат Серіков (Нұр-Сұлтан) - Qazaqstan 2119 Heritage City
48 жастағы дизайнер әрі сәулетші Станислав Анастасьев көркем сурет өнерімен айналысуды жуырда ғана бастаған. Бұл - ол қатысып отырған алғашқы байқау. Бірінші орын аламын деп ойламапты да. Өзі үшін тосынсый болыпты.
"Мен жеңіске жетемін деп ойламадым. Байқауға қатысушылар көп болды. Менің туындымды танымал әділқазы өкілдері бағалағанына өте қуаныштымын. Мен туған өлкеміздің тауын, тасын, дамуы мен саф таза қоршаған аймағын көрсеткім келді. Адамдар үшін экология мен бейбіт заманның болғаны жақсы. Осы бағыт бойынша еңбек жолымды жалғауға ынтам екі еселенгендей", - дейді Станислав.
"Бейнелеу өнері" аталымы бойынша жеңімпаз атанған және жүлдегер болған суреттер:
1. София Сон (Алматы) - Менің арманымдағы ел
12 жастағы Софияның туындысын әділқазылар ересек суретшілермен бірдей бағалады.
2. Людмила Лопатина (Павлодар) - Белгісіз жаңғырық
3. Лейла Көбегенова (Алматы) - Ертеңгі таң
12 жастағы ең жас қатысушы София Сон сурет салумен 3 жастан бастап айналысады. Ал бес жасында көркемөнер мектебіне барған.
"Мен Қазақстанның жарқын болашағын көрсеткім келді. Көпір - ол бүгінгі және келер ұрпақты жалғаушы, алма - Алматының символы, ғажайып ғимарат - технология дамуының көрінісі. Менің жұмысым ұнағанына өте қуаныштымын", - дейді София.
"Интернет таңдауы" аталымы бойынша алматылық Ануар Жақиянов жеңімпаз атанды. Ол "Болашақтың ауылы алыс емес" туындысын ұсынған еді. Оның өнеріне 3546 адам дауыс берді.
Жүлделі орынға іліге алмаған Адия Әміржан мен Асылхан Мұқашевты ынталандыру мақсатында Алматыдағы "Ұлар" галереясында жеке көрмелерін өткізуге мүмкіндік сыйлады.
"Арманымдағы Қазақстан" - еліміздің түкпір-түкпіріндегі талантты суретшілерге арналған Alash Media Group холдингінің жобасы. Мақсаты - қоғамның сан қырлы екенін және тек алға ұмтылатынын көрсету.
Байқау жеңімпаздарын суретші, профессор, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері, Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі Байтұрсын Өмірбеков, Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі, галереялар ісінің мұғалімі, Қазақстан Республикасы мәдениет менеджерлері қауымдастығының мүшесі Юрий Маркович, өнер тарихының кандидаты, Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінің ғылыми хатшысы, Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі Екатерина Резник, актриса, жеке даму бойынша жаттықтырушы Альмира Тұрсын және ERG компаниясының өкілі Екатерина Похорукова бағалады.
Байқау жұмыстарын artdream.kz сайтынан көруге болады.
Показать комментарии
Читайте также