13 мамыр 2014 12:19

Алматыда бірінші халықаралық мәдениет форумы өтеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

І-ші халықаралық мәдени форум І-ші халықаралық мәдени форум

Алматыда 21-22 мамыр аралығында бірінші халықаралық мәдениет форумы өтеді деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Алматыда 21-22 мамыр аралығында бірінші халықаралық мәдениет форумы өтеді деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Аталмыш шараны қаланың мәдениет басқармасы үкіметаралық "Мәдени достастық Астанасы" бағдарламасы аясында  "Алматы достастық елдерінің 2014 жылғы мәдени Астанасы" атануына орай ұйымдастырып отыр.

Шараға сарапшылар, сала мамандары, облыстық мәдени-саяси саласының мамандары және мәдени жобаларды жүзеге асырушы тәжірибелі мамандар қатысады.

Шараның басты мақсаты -  қала мәдениетіне байланысты маңызды мәселелерді талқылау, түйінделген сауалдардың шешімін іздеу, жалпы  мәдени дамуға қатысты өзекті ойларды ортаға салу.

Форумға С.Герасимов атындағы Бүкілресейлік мемлекеттік кинематография институтының профессоры Кирилл Разлогов, Cultural Futures LLP консалтингтік агенттігі, Оксфорд университетінің Святого Антония атындағы колледждің аға қызметкері Терри Сандел, Ә.Қастеев атындағы мемлекеттік мұражайдың аға ғылыми қызметкері Камилла Ли және  Кристина Штейнбрехер (арт-директор VIENNAFAIR, куратор ARTBATFEST 2014), Михаил Гнедовскийлер (Еуропа кеңесінің сарапшысы, Мәдени-саясат және өнертану институтының директоры) қатысады.

Форум барысында Қазақстанның мәдени-саясат тұжырымдамасы да талқыға салынады. Аталмыш тұжырымдамаға сарапшылар өзіндік талдау жасайды, қаланың дамуына қатысты ой пікірлерін білдіреді.

Сондай-ақ форум аясында Алматының мәдени дамуының нақты жасын яғни қаланың мәдени даму кезеңін де анықтау ойластырылып отыр. 

Айта кету керек, шара Premium Hall қонақ үйінде өтеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети