Алматыда Таласбек Әсемқұловтың 5 томдық шығармалар жинағы таныстырылды
Жүргенов атындағы ұлттық өнер академиясында белгілі жазушы, сценарист, музыкант, домбырашы Таласбек Әсемқұловтың 5 томдық шығармалар жинағы таныстырылды, - деп хабаралайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жүргенов атындағы ұлттық өнер академиясында белгілі жазушы, сценарист, музыкант, домбырашы Таласбек Әсемқұловтың 5 томдық шығармалар жинағы таныстырылды, - деп хабаралайды Tengrinews.kz тілшісі.
Көптомдық ҚР Мәдениет министрлігінің тапсырысы бойынша "Қазақ энциклопедиясы" баспасынан шықты. Бестомдықтың үшінші томына орыс тілінде "Царица Томирис", "Смерть ханского коня", "Биржан сал", ("Последний трубадур"), "Жезтырнак", "Приемыш", "Медный город" (аяқталмаған) киноромандары мен "Смирение" әңгімесі кірді.
Қазақ тілінде жазылған қалған томдарына дәстүрлі домбыра өнері, әңгімелер мен хикаялар, ән, әдебиет, тарих, этнография, мифология жайлы мақалалары енген. Бұдан кейін Таласбек Әсемқұловтың мақалалары мен сұхбаттарының жинағын орыс тілінде шығару жоспарланып отыр екен.
Жазушының зайыбының айтуынша, бұл томдықтарды шығаруға бес жыл қажет болған. "Күйеуім Таласбек Әсемқұловтың шығармашылығымен 1995 жылы таныстым. Сол уақытта қазақ мифологиясы және қазақтың дәстүрлі музыкасы тақырыбында кандидаттық диссертациямды қорғаған едім. Сол кезде консерваториямызда қызық әрі тылсым дүниелер жайлы көп айтатын ерекше адам бар деп еститінмін. Оның 1979 жылғы студенттік жұмысын да көрсетті. Шығармашылығын оқып, тәнті болдым. Кейін кездесіп, бір жыл өткенде отау құрған едік", - дейді мәдениеттанушы, сценарист әрі сарапшы журналист Зира Наурызбаева.
"Бұл томдықтарды бес жыл бұрын дайындай бастадық. Күйеуімнің қазасынан кейін кітап басып шығару ісімен белсенді түрде айналыса бастадық. Бүгінде 9-10 томға жететін материал қолымызда бар, орыс тілінен қазақ тіліне аударылған таңдамалы аудармалары бар. Алдағы жылдары осы материалдарды басып шығаруды көздеп отырмыз", - деді Наурызбаева.
Таласбек Әсемқұлов 1955 жылдың 1 тамызында Алматы облысында дүниеге келген. Ол домбыраның құлағында ойнайтын шебер болған, екі тілде жазатын жазушы прозаик, "Біржан сал" (2007) және "Құнанбай" (2015) фильмдерінің сценариін жазған, мифологияны зерттеген, әдеби және музыкалық сыншы, орыс тілінен қазақ тіліне аудармашы, музыкалық шебер - домбыра жасайтын өнері де болған. Әдеби мұра қалдырған Әсемқұлов 2014 жылдың қыркүйегінде қайтыс болды.
Көзі тірісінде Таласбек Әсемқұловтың күйші атасының тәрбиесін көрген баланың балалық шағы туралы автобиографиялық романы туралы бір ғана кітап шыққан. Роман 2013 жылы "Сорос-Қазақстан" қорының "Заманауи қазақстандық роман" конкурсында жеңіп, аз тиражбен басылып шыққан болатын. Соңғы 12 жылында Таласбек Әсемқұловтың шығармалары мен еңбектері "Простор" және "Книголюб" журналдарында жарияланып тұрған.
Белгілі сыншы Әлия Бөпежанова жазушыны "ХХІ ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінің ерекше көшбасшысы" деп атаған.