Ақтауда Әбіш Кекілбаев орталығы ашылады

© Мейірлан Сақтағанұлы

А?тауда ?біш Кекілбаев орталы?ы ашылады, - деп хабарлайды Лада. Ма??ыстау ?кімі жазушы?а арнал?ан орталы?ты А?тау ?аласында ашу туралы шешімді 2016 жылы ?абылда?ан. Алик Айдарбаев Астананы? жетекші с?улетшілерімен кездесті. Олар орталы?ты? сызбасын к?рсетті.

Ақтауда Әбіш Кекілбаев орталығы ашылады, - деп хабарлайды Лада. Маңғыстау әкімі жазушыға арналған орталықты Ақтау қаласында ашу туралы шешімді 2016 жылы қабылдаған. Алик Айдарбаев Астананың жетекші сәулетшілерімен кездесті. Олар орталықтың сызбасын көрсетті.

Жобаның басты мақсаты - жазушының мәдени құндылықтары мен еңбектерін насихаттау. Орталықтың құрылысы Ақтау қаласының 19-шы ықшамауданында 2017 жылы басталмақ.

Орталық күніне екі мың адамды қабылдай алады. Келушілер үшін кітапхана, музей, концерт залы және кітап дүкендері жұмыс істейді. Орталықтың аумағында субұрқақтар орнату жоспарланған. 

Реклама
Реклама

Әбіш Кекілбаев - қазақ әдебиетіне "Үркер", "Елең-алаң" романдары секілді шоқтығы биік туындылар әкелген. Абыз тұлға саналы ғұмырында жауапты қызметтер атқарды. Қазақстан Республикасының тұңғыш Мемлекеттік хатшысы, Парламент Сенатының депутаты болды. Бірнеше орден-медальдермен марапатталған. Әбіш Кекілбайұлы 1939 жылы 6 желтоқсан күні Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Оңды ауылының Мырзайыр деген жерінде туған.

Әбіш Кекілбайұлының көптеген шығармасы ТМД халықтары мен шетел тілдеріне аударылған. Ол ҚазССР Мемлекеттік сыйлығының 1986, Қазақстан Республикасы Президентінің бейбітшілік және рухани келісім сыйлығының 1995, "Отан" орденімен 1999, Түркі елдері қауымдастығының шешімімен "Түркі дүниесіне сіңірген еңбегі үшін сыйлығын" алады. 2003 жылы "Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев" орденімен марапатталды.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама