ПОДЕЛИТЬСЯ
30 желтоқсан 2019 | 17:48
Бақауовтың портреті неден жасалғаны белгілі болды
Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовтың портреті қайырымдылық аукционында қайдан пайда болғаны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовтың портреті қайырымдылық аукционында қайдан пайда болғаны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
24 желтоқсанда өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ауған соғысының мүгедек жауынгерлері аймақтық қауымдастығының төрағасы Байғабыл Майкөтов облыс басшысына бастапқыда суретті сыйға тартуды жоспарлағанын мәлімдеді.
"Шараны ұйымдастырушылар оны бәссаудада сатуды ұсынды. Мен кеше ғана бұл ақшаны көзі көрмейтін мүгедектерге жіберілетінін білдім. Мен өзім шараға қатыспадым, бірақ олар біздің Ауған соғысы ардагерлерінің одағынан бұл картина сатып алынғанын және осындай сомаға сатқанын айтты. Мен осындай шараларды өткізіп тұруды қолдаймын, тек көзі көрмейтіндерге емес, сал ауруына шалдыққандарға және басқа да мүгедектерге көмек көрсету үшін өткізу керек деп есептеймін. Осындай қайырымдылық балы жыл сайын болуы тиіс деп ойлаймын", - деді Майкөтов.
Оның айтуынша, картина ресейлік зауыттардың бірінде жасалған.
"Бұл майда кәріптастардан жасалған картина, басқа да үлкендері де бар. Картинаны біздің ардагерлер одағы ресейліктермен бірге Калининградта жасады. Бұл Ауғанстан ардагерлер одағы берген бірінші картина емес. (...) Мен өзім шарада болмадым, бірақ оны 30 не 31 миллион теңгеге сатты деп естідім", - дейді Майкөтов.
Ресми мәлімет бойынша, әкімнің қайырымдылық балында 52,2 миллион теңге түскен. Түскен табыстың барлығы "Қазақстан зағиптар қауымдастығы" қоғамдық қорының павлодарлық филиалына берілген. Филиал төрағасы Дүйсембек Қабдолдың айтуынша, қаражат ескі ғимаратты жөндеуге және зағиптарға қажетті тифлоқұрылғыларды сатып алуға жұмсалады екен.
Осыған дейін, Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовтың портретін қайырымдылық аукционында сатылғаны хабарланды. Аукционнанда түсірілген сурет желіде жарияланды. Бейнежазба кадрларында кеш жүргізушілері - белгілі КВН-шілер Тұрсынбек Қабатов пен Ярослав Мелехин бір лот - әкім Болат Бақауовтың портретіне сауда-саттық өткізеді. Сауда-бағаны көтеру тәсілімен өткен. Видео суретке 28 миллион теңге ұсынылған сәтте үзіледі.
Кейінірек желіде тағы бір видео тарады, онда жүргізуші портретті сатып алушыға беріп жатқаны түсірілген. Видеодағы адам қалалық мәслихат депутаты Гнел Акопянға ұқсайды. Тілшімен сөйлесу кезінде депутат сатып алу дерегін растады және портретті ол 31 миллион теңгеге алғанын айтты.
Сондай-ақ, ол Павлодар облысында жол жөндеу компаниясының директоры екенін растады.
"Біз 28 жыл бойы нарықта жүрміз. Картинаны музейге сыйлағым келеді. Павлодарда жаңа музей ашылады", - деді ол.
Аймақ әкімінің баспасөз хатшысы Ернар Сейтахмет аукционның осы іс-шара аясында ұйымдастырылғанын атап өтті. Ол 31 миллион теңгеге әкімнің портретін сату туралы ақпаратты әзіл екенін айтты.
"Бұл сурет үшін, менің ойымша, 700 мың теңге. Бұл әзіл шығар", - деп мәлімдеді ол портреттің кімге сатылғанын білмейтінін айтып.
Показать комментарии
Читайте также