Қазақстандық ғалым Көбей Хұсайынов қайтыс болды

Қазақстандық ғалым Көбей Хұсайынов қайтыс болды Көбей Хұсайынов

Тіл біліміні? маманы, филология ?ылымдарыны? докторы, профессор К?бей Х?сайынов ?айтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тіл білімінің маманы, филология ғылымдарының докторы, профессор Көбей Хұсайынов қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ғалымның қаза болғаны жөнінде тележүргізуші Мейрамбек Таубалдиев Facebook парақшасында жазды.

"Қазақ филологиясы ауыр қазаға ұшырады

Реклама
Реклама

Осы жылдың 30 наурызында қазақ ғылымы ауыр қайғыға душар болды. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтын ұзақ жылдар бойы басқарған филология ғылымдарының докторы, профессор Хұсайын Көбей Шахметұлы 74 жасқа қараған шағында ұзаққа созылған науқастан өмірден озды. Туған-туыстарына, отбасына қайғырып көңіл айтамыз. 1 сәуірде сағат 10.00-де қаралы митинг Чайковский көшесі, 131, 1-подъезд, 15-пәтер (Шевченко қиылысы) өтеді. Қонақасы "Алтын адам" ресторанында 1 сәуірде 13.00-де Шашкин 5а (Попов қиылысы) өтеді", - деп жазды ол.

Көбей Шахметұлы Хұсайынов 1945 жылы 27 наурызда Алматы қаласында туған. ҚазМУ-ды және Қазақстан ғылым академиясының Тіл білімі институтының аспирантурасын бітірген. 

Қазақстан ғылым академиясының Тіл білімі институтында кіші, аға ғылыми қызметкер, ғалым-хатшы , аға ғылыми қызметкер, институт директорының орынбасары, директоры, 2009 жылдан бас ғылыми қызметкер болды. Ғылыми еңбектері қазақ тілінің келелі мәселелеріне арналған. "Қазақ тіліндегі атаулардың дыбыс бейнелеуіштігі" тақырыбында докторлық диссертация қорғады. 50-ден астам ғылыми жарияланымның авторы.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама