20 маусым 2019 | 13:47

Massaget.kz порталындағы "Отаным, саған айтамын" байқауы: Қатысушыға шолу

Фото: Қызайбек Сәрсенбек

Елдің ертеңі саналатын талантты жастарды қолдау, жас қаламгерлердің шығармаларын насихаттау мақсатында Massaget.kz порталы "Отаным, саған айтамын" атты прозалық онлайн-байқауын жариялаған болатын. Байқау ERG компаниясының қолдауымен өтіп жатыр.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Елдің ертеңі саналатын талантты жастарды қолдау, жас қаламгерлердің шығармаларын насихаттау мақсатында Massaget.kz порталы "Отаным, саған айтамын" атты прозалық онлайн-байқауын жариялаған болатын. Байқау ERG компаниясының қолдауымен өтіп жатыр.

Назарларыңызға байқаудың кезекті қатысушысы Азиза Сабыржанқызының шығармасын ұсынамыз.

Реклама
Реклама

Урах Азиза Сабыржанқызы 1997 жылы Атырау облысы Құрманғазы ауданы Жұмекен ауылында өмірге келген. Атырау қаласы Халел Досмұхамедов атындағы мемлекеттік университетіның түлегі.

"Туған жердің күн мен түні, ауасы мен топырағының өзі ерекше ыстық! Оның көк майса шөбі мен мөлдір суының өзін алыс жырақ кетсең жүрегің соның бәрін аңсап сағынып тұрады. Иә менде осы арада мен өзім туып өскен жерім, туған жерім Жұмекен ауылым туралы кішкене болсада әңгімелеп, алдымен оның атауынан бастағым келіп отыр.

Жұмекен Нәжімеденов 1935 жылы 28 қарашада Атырау облысы Құрманғазы ауданы Қошалақ ауылында дүниеге келген. Көрнекті ақын атамыздың аты берілген, менің ауылымның табиғатты көркем,ауасы таза, топырағы құнарлы, жасыл алқап жайылымдары самсап тұратын тамаша жер.

Мен оның табиғатын ауасын, көлдері әсем көрінісін ерекше жақсы көрем. Ауылда өткізген әр күнің қызықты сәттерге толы болатыны рас. Мен өз ауылымдағы бір күнімді баяндап бергім келіп отыр. Мамыр айы. Бүгін ауа райы тамаша. Көк ашық аспанды қарлығаштар шыр айналып ұшып жүр.

Құлпынай мен бүршік жарған теректер жанында көбелектер жарыса , ұшып жүр. Бүгін қызғалдақтарды тамашалауға барамыз, көлікке отырып соған қарай жол тарттық жолдағы ауылымның табиғатты өте ерекше, жасыл көк майса алқап, күн сәулесіне суы мөлдіреп жылтылдап тұрған шағын өзен мен көлдер, онда әдемі жүзіп жүрген әдемі құстарға жататын ақша қардай әдемі аппақ аққулар көзге шалынды", - деп жазады қатысушы өз шығармасында. 

Азиза Сабыржанқызының толық шығармасын Massaget.kz порталынан оқи аласыздар. 

Айта кетейік, қатысушылардың эсселері baikaumassaget@gmail.com поштасында 2019 жылдың 24 мамыр-20 шілде аралығында қабылданады. Отан тақырыбындағы үздік проза (эссе, әңгіме) бойынша төмендегідей жүлделер тағайындалады:

1-орын 300 000 теңге;
2-орын 150 000 теңге;
3-орын 100 000 теңге.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная