Нобель сыйлығын алған Алексиевич: Енді ақшаны қайдан табамын деп ойланбаймын

© Василий Федосенко / Reuters

Белорус жазушысы Светлана Алексиевич Euroradio өткізген баспасөз мәслихаты кезінде әдебиет бойынша Нобель сыйлығының қаражатын қайда жұмсайтынын айтты, - деп хабарлайды Lenta.ru

"Мен сыйлыққа өзімнің бостандығымды сатып аламын. Мен көп жылдар бойы кітап жазып келемін, ал бұл үшін ары-бері жүру керек, жазу керек, басып шығару керек. Енді мен ақшаны қайдан табамын деп ойланбай, жұмыс істеймін", - деді Алексиевич. 2015 жылы сыйлық көлемі 8 миллион швед кроны (953 мың АҚШ доллары). 

Жазушының пікірінше, ол сыйлыққа нақты бір еңбегі үшін алып отырған жоқ, өзінің жалпы шығармашылығы үшін алған - "Красный человек. Голоса утопии" циклының бес шығармасы үшін: "У войны не женское лицо", "Последние свидетели", "Цинковые мальчики", "Чернобыльская молитва" және "Время секонд хэнд".

Реклама
Реклама

Еске салайық, бүгін, 8 қазанда 2015 жылғы әдебиет бойынша Нобель сыйлығын белорус жазушысы Светлана Алексиевичтің алғаны хабарланған болатын. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама