ПОДЕЛИТЬСЯ
16 қазан 2019 | 13:40
"Шалға беріп жатсыздар" - Дина Тасболатова әйелдің қиын тағдыры жайлы
Қазақстандық актриса Дина Тасболатова ақын әрі жазушы Сәкен Сейфуллиннің "Айша" шығармасынан үзінді монолог оқыды. Актриса "Бірге оқимыз" әдеби жобасына қатысты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстандық актриса Дина Тасболатова ақын әрі жазушы Сәкен Сейфуллиннің "Айша" шығармасынан үзінді монолог оқыды. Актриса "Бірге оқимыз" әдеби жобасына қатысты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.
Повесте қыздың құқығы жоғы, ауылдағы ең әдемі қыздарының бірінің тағдыры баяндалады. Айшаны әйелінен айырылған қарт кісіге бермекші болады. Шығармада қыздың өз құқығы мен тағдыры үшін күресі айтылады. Дина Тасболатованың айтуынша, ол осы үзінді арқылы басты кейіпкердің жан дүниесінде болып жатқан бүкіл күйзелісті жеткізгісі келген.
"Мен өлең оқығым келмеді, себебі прозаны жеткізу оңай. Бірнеше шығарманы қарап шыққан соң, "Айшаға" тоқтадым, өйткені ондағы көтерілген мәселелер бүгін де өзекті. Мен өз түсінгенімше оқыдым да, автордың айтайын деген ойын жеткізе алдым ба, білмеймін. Бірақ мен үшін бұл әйел тағдырының ауыртпалығы - ең жақын адамдардың сатқындығы. Осылай қабылдадым. Киномен салыстырғанда, мұнда бізге аз уақыт берілді. Біреуге ұнайтын болар, біреулер Айшаның қиын тағдырын сезіне алады деп ойлаймын", - дейді актриса.
Дина Тасболатова қазіргі жастардың кітапты аз оқитынын технологиялық жаңашылдықтар туралы ойлануға мұрша бермейді. Оның ойынша, бұл адамдарды көптеген терең ойлға шомуына кедергі келтіреді. Актрисаның айтуынша, қазіргі уақытта ақпаратты тұтынудың басқа стандарттары қалыптасқан.
"Қазір мынадай толқын өтіп жатыр, жастардың назарын ұзақ уақыт ұстап отыру мүмкін емес. Олар бір нәрсеге ұзақ қарай алмайды. Мұның бәрі әлеуметтік желінің салдары. Ақпараттың сан-алуан түрі әп-сәтте жаңарып жатыр. Адамдар әр саладан бірдеме білгісі келеді. Олар түбіне жетуді ойламайды да, тек сыртқы қабатын бір жанап өтеді", - дейді ол.
Динаның өзі орыс классикасын оқығанды жақсы көреді екен, ал соңғы кездерде ғылыми әдебиетті ұнататынын айтады. Кітап оқуға ынтасы бар адамдарға ол құнды кеңес берді. Ойыңды жинақтау. Оның айтуынша, күнсайын 10 минуттық медитация осы істе табылмас көмек болады.
Дина Тасболатова қазақстандық бірнеше фильмдер мен сериалдарда түскен, олардың арасында Саташ", "Свадьба.kz", "Оралман из Питера", "ПроЯвление", "Жібек", "Честь офицера", "Құдалар" және тағы басқалары. Сондай-ақ, ол "Алтын орда" және "А.Л.Ж.И.Р" тарихи ленталары бойынша танымал. 2011 жылы алғаш рет "Yмiтiндi yзбе" фильміне түскен.
Айта кетейік, Alash Media Group холдингі мен ERG компаниясы бірлесіп "Бірге оқимыз" атты жаңа арнайы жобасын бастаған еді. Бұл жоба аясында түрлі туындыларды оқуға дайын эстрада, кино және телевизия жұлдыздарының қатысуымен теле- және радиобағдарламалар шығады. "Бірге оқимыз" жобасының негізгі мақсаты - қазақстандықтардың жас буыны арасында кітап оқуды насихаттап, қазақ тіліндегі туындыларға қызығушылықты арттыру. "Бірге оқимыз" арнайы жобасы ERG компаниясының қолдауымен өткізіліп жатыр.
Осыған дейін әдеби жобаға Альмира Тұрсын, Бибігүл Ақтан және Берік Айтжановтар қатысқан еді.
Показать комментарии
Читайте также