21 желтоқсан 2016 | 18:04

Суретші Бауыржан Байбек бейнеленген туындысын түсіндірді

Қазақстандық суретші Марат Тұрғымбай Әбілхан Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейінде ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған көрмеде пайда болған суреті жайлы айтып берді. Еске салайық, осыған дейін әлеуметтік желі қолданушылары картинадағы адамның Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбекке ұқсайтынын таңғала жазған болатын.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық суретші Марат Тұрғымбай Әбілхан Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейінде ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған көрмеде пайда болған суреті жайлы айтып берді. Еске салайық, осыған дейін әлеуметтік желі қолданушылары картинадағы адамның Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбекке ұқсайтынын таңғала жазған болатын.

Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Марат Тұрғымбай прототипінің Алматының қазіргі әкімі болғанын жасырмады.

Реклама
Реклама

Сөйтсек, көркем сурет Қазақстан Суретшілер одағының ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырған экспозициясында көрсетіліпті.


© Facebook

Картина авторы туындының "Менің жас республикам" деп аталатынын айтты. "Барлығы картинадағы адамның Бауыржан Байбекке ұқсайтынын айтып жатыр. Әрине, солай, несін жасырамын? Оның суретіне қарап отырып салдым, Интернетте оның суреті көп", - деді суретші.

Марат Тұрғымбай әр жылдары Президент Нұрсұлтан Назарбаевтығ халық әртісі Асанәлі Әшімовті, Кеңес Одағының батрысы, жазушы Бауыржан Момышұлын салғанын айтып өтті. Сондай-ақ, ол өз туындысының кейіпкері етіп неліктен Бауыржан Байбекті таңдағанын айтты.

"Ол жас буынның ішінде көзге көрінетін жалғыз тұлға. Бұл біздің болашағымыз. Кейбіреулер мені жағымпазданды деп және тағы басқа сөздер айтып жатыр. Мұндайым жоқ. Ол жанып тұрған жастардың бірі, мемлекеттің болашағы осындай жастарды. Байбек - "Болашақтың" түлегі, жас, білімді. Жағымды. Бұл Байбектің портреті деп жазғым келмеді, "Менің жас республикам" деп атадым, бұл символдық мән бар атау", - деді картина авторы бұл суретті бір ай ішінде салғанын айта отырып.

Тілшінің сұрағына жауап беру кезінде ол Бауыржан Байбектің картина жайлы сұрастырмағанын айтты. Сондай-ақ, суретші қалаған адам болса, беруге дайын екенін жеткізді. 


Марата Тұрғымбайдың картиналары: "Ұлы дала бояулары" © gmirk.kz 

Еске салайық, Қазақстан Суретшілер одағының ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Әбілхан Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейінде ұйымдастырған көрмесі желтоқсан айының соңына дейін жалғасады.

Көрмеге елдің түрлі аймағынан 140 суретші қатысты: Алматы, Астана, Шымкент, Атырау, Павлодар, Қарағанды, Семей, Талдықорған, Тараз, Қызылорда және Петропавл.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная