24 қазан 2016 | 15:42

Таразда 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің тарихына арналған кітаптың тұсаукесері өтті

ТарМПИ баспасөз қызметі

Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында "Түркістан өлкесіндегі 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс тарихы (Сырдария және Жетісу облыстарының материалдары бойынша)" монографиясының тұсаукесері өтті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. Ғылыми еңбектің авторы - ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Дария Қожамжарова. Бұл туралы ТарМПИ ресми өкілі Жандар Асан хабарлайды.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында "Түркістан өлкесіндегі 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс тарихы (Сырдария және Жетісу облыстарының материалдары бойынша)" монографиясының тұсаукесері өтті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. Ғылыми еңбектің авторы - ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Дария Қожамжарова. Бұл туралы ТарМПИ ресми өкілі Жандар Асан хабарлайды.

Реклама
Реклама

Монографияда 1916 жылғы патшаның "Маусым" жарлығына қарсы Түркістан өлкесінде өткен жергілікті халықтар: қазақ, өзбек, қырғыз, дүнген, ұйғырлардың көтерілістері баяндалады. Ғылыми еңбектің негізі Түркістан өлкесіндегі, атап айтқанда Сырдария мен Жетісу облыстарындағы жергілікті тұрғындардың 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске шығуының әлеуметтік-экономикалық, саяси-рухани себептері мен алғышарттарын, көтерілістің басталуы мен барысын, патшалық әкімшілік тарапынан көтерілісті қатыгездікпен басып-жаншуын, жеңіліске ұшыраған халықтың босқыншылыққа ұшырап көршілес жатқан Қытай жеріне ауа көшуі, қос империяның қыспағына түскен босқындарды тарихи Отанына қайтарудағы қазақ зиялыларының еңбектері мұрағаттық құжаттар мен тарихи деректердегі мәліметтерге сүйене отырып жазылған.

Кітап студенттер, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен тарихқа қызығатын оқырман қауымға арналған.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная