17 қазан тарихта сабау күні болып қалуын қалаймын - Абель Санчес

Геннадий Головкин. © boxingscene.com

Орта салмақта WBA (Super), IBO және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес өз шәкіртінің IBF белбеуінің иегері Давид Лемьемен жекпе-жегінің тарихта сабау күні болып қалуын қалайтынын мәлімдеді, - деп хабарлайды vRINGe.com.

"Не қалаймын дейсіз бе, Гена мен Давид шығып, тіресіп, нағыз төбелес ұйымдастырғанын қалаймын, - деп мәлімдеді Абель Санчес. - 17 қазан тарихта "Мэдисон" аренасындағы сабау күні болып қалғанын қалаймын. Себебі юірінші кезекте мен боксты сүйемін, жанкүйермін, көрерменмін, сосын ғана бапкермін".

Головкин PPV-кездесу болса да ешқандай психологиялық қысымды сезіп жүрген жоқ. Жігіттің жалпы 350 жеңісі және 5 жеңілісі бар, ол аматордан әлемнің үш дүркін чемпионы. Оның көрмегені жоқ", -деді бапкер.  Толығырақ мына жерден оқи аласыздар.

Реклама
Реклама

Еске сала кетейік, Давид Лемье мен Геннадий Головкин 17 қазанда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында жұдырықтасады. Бәске WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF чемпиондық белбеулері тігіледі. Сонымен бірге, бұл екі боксшының да PPV-дағы (ақылы трансляция жүйесі) бірінші кездесуі болмақ. Кездесуді "Қазақстан" телеарнасынан тікелей эфирде көруге болады.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама