04 қыркүйек 2021 | 16:38

18 жастағы боксшы жекпе-жектен бірнеше күн өткен соң қайтыс болды

Видеодан алынған кадр

Мексикалық 18 жастағы боксшы Жанетта Закария Сапата 28 тамызда Монреальда (Канада) рингте алған ми жарақатынан қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі vRINGe.com порталына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Мексикалық 18 жастағы боксшы Жанетта Закария Сапата 28 тамызда Монреальда (Канада) рингте алған ми жарақатынан қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі vRINGe.com порталына сілтеме жасап. 

Оның канадалық қарсыласы Мари-Пьер Уль төртінші раундта Сапатаға ринг бұрышында көптеген соққы жасап жеңді. Осыған қарамастан, мексикалық қыз құламады, бірақ раунд біткен соң боксшы өз бұрышына бара алмай, талып қалады. 

Төмендегі видеода (18+) жаттықтырушы күйеуі Джованни Мартинес оған көмектесуге тырысады.

Реклама
Реклама

Спортшы шұғыл түрде ауруханаға жеткізіліп, медициналық ұйқыға жатқызылды. Бірақ бірнеше күннен кейін қайтыс болады.

Сапата осы жекпе-жегінен үш жарым ай бұрын тағы да нокаутпен жеңілген болатын, бірақ Ульмен кездесер алдында медициналық тексеруден өткен. Оның Канададағы жекпе-жекке қалай жіберілгеніне тергеу болуы мүмкін. 

Еске салайық, 2021 жылдың сәуірінде иорданиялық боксшы Рашид Әл-Свайсат Польшаның Кельц қаласында өткен жастар арасындағы әлем чемпионатындағы жекпе-жектен он күн өткен соң қайтыс болған еді. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная