12 қыркүйек 2021 | 15:52

47 жастағы Василий Жиров америкалық боксшымен реванш өткізбек

©vjirov.com

1996 жылғы Олимпиада чемпионы, бірінші ауыр салмақта IBF тұжырымы бойынша бұрынғы әлем чемпионы қазақстандық Василий Жиров "Спорт-Экспресс" басылымына берген сұхбатында америкалық Джеймс Тонимен реванш өткізгісі келетінін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

1996 жылғы Олимпиада чемпионы, бірінші ауыр салмақта IBF тұжырымы бойынша бұрынғы әлем чемпионы қазақстандық Василий Жиров "Спорт-Экспресс" басылымына берген сұхбатында америкалық Джеймс Тонимен реванш өткізгісі келетінін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Жиров 2009 жылдан бері рингке шыққан жоқ, қазір жасы - 47-де. 

"Шоу түріндегі жекпе-жек өткіземіз шығар - екі шал рингке шығып, жұдырықтасады. Осындай жекпе-жек өткізу ойда бар. "Тони, жекпе-жек өткізейік" дедім. Ол болса... Бірде келіседі, бірде келіспейді. Әлі қорқып жүрген шығар", - деді Жиров. 

Реклама
Реклама

Жиров пен Тони арасындағы жекпе-жек 2003 жылы 26 сәуірде өткен. Тони төрешілер шешімімен жеңіп, қазақстандық боксшыға тиесілі IBF титулын иеленген болатын. Жиров кейін Тони әділетсіз жеңгенін айтқан. The Ring журналы сол кездесуді 2003 жылдың үздік жекпе-жегі деп таныған еді. 

Қазір Джеймс Тони 53 жаста, кәсіпқой бокстан әлі кетпеді. 23 қазанда ол 49 жастағы Джереми Уильямспен жұдырықтасады. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная