ПОДЕЛИТЬСЯ
25 сәуір 2019 | 09:59
Абель Санчес Головкинмен енді неге жұмыс істемейтінін айтты
Америкалық бапкер Абель Санчес қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен қарым-қатынасын үзуіне не себеп болғанын айтып, GGG-дің DAZN стриминг сервисімен келісімшартының қаржылық тұстарын ашты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Бүгіннен бастап мен Геннадий Головкинмен жұмыс істемеймін. Тоғыз жыл бойы бірге керемет жұмыс істеп, рекордтар қойып, Даңқ залынан орын алып, DAZN-мен 100 миллион долларға келісімшарт жасасқаннан кейін ол жалақымды азайтуды ұсынды. Абыройым мен ар-намысым осылай алдануыма жол бермейді. Өкінішке қарай, ашкөздік пен сараңдық, сонымен қатар, алғыс пен этиканың, намыс мен адалдықтың болмауы қарым-қатынасымызды үзуге алып келді", - деді Санчес Yahoo! Sports-ке берген сұқбатында.
Айта кетейік, Головкин мен Санчес 2010 жылдан бері жұмыс істеген болатын. Санчестің баптауымен Головкин соңғы жекпе-жегінде Сауль Альварестен ұтылып қалған еді.
Показать комментарии
Читайте также