ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 17 тамыз 2016 05:58
Әділбек Ниязымбетов Рио Олимпиадасының финалына шықты
Қазақстандық боксшы Әділбек Ниязымбетов Рио-де-Жанейро Олимпиадасының финалына шықты, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Турнирдің жартылай финалында 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жұдырықтасатын қазақстандық Ұлыбританиядан келген Джошуа Буатсимен кездесті. Бірінші раундта қазылар басымдықты Ниязымбетовке берді. Екінші раундта Джошуа белсенді түрде шабуыл жасай бастады, бірақ Ниязымбетов сауатты қорғанып, соққыларын дөп тигізді, осылайша басымдығын нығайта түсті. Қорытынды кезеңде ағылшын боксшысы ұпайлар саны бойынша айырмашылықты қысқартты.
©REUTERS
Финалда Ниязымбетов әлемнің үш дүркін чемпионы Хулио Сесар Ла Круспен кездеседі. Жекпе-жек 19 тамызда Астана уақыты бойынша сағат 00.30-ға белгіленген. Оны тікелей эфирде "Хабар" арнасы көрсетеді.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу