12 қараша 2018 13:37

Әділбек Ниязымбетов карьерасын аяқтады

Әділбек Ниязымбетов.

2012 жылы Лондон және 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов спорттық мансабын аяқтағанын мәлімдеді. Бұл туралы ҚБФ сайтында хабарланды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ниязымбетовтің мұндай шешімі Қазақстан чемпионаты алдында белгілі болды. Алайда бұл қадамның себебі айтылмаған.

Реклама
Реклама

Ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжанов боксшының бұл мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді.

"Мен және барлық жанкүйер Әділбекке ренжімеуіміз қажет. Оның Қазақстан боксын дамытуға қосқан үлесі үшін алғысымызды білдіреміз. Ол әлемнің әр бұрышында ел намысын қорғады. Әлем чемпионаты мен Олимпиада финалына санаулы адамдар ғана жетеді. Сонымен қатар, Әділбек Азия ойындарының чемпионы да болды. Мұндай жетістік әркімнің қолынан келе бермейді", - дейді Айтжанов.

Қазақстан чемпионаты аяқталысымен және жаңа құрама қалыптасқан соң, Қазақстан құрамасының бапкерлер штабы жаңа капитанды тағайындайды.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram