1. Басты
  2. Біл
  3. Спорт
  4. Бокс

AIBA президенті қызметінен кеткен өзбекстандық кәсіпкердің орнына жаңа басшы келді

Африкалық бокс конфедерациясының (AFBC) басшысы Мохамед Мустасан Халықаралық бокс қауымдастығы (AIBA) президентінің міндетін уақытша атқарушы

© insidethegames.biz

Африкалық бокс конфедерациясының (AFBC) басшысы Мохамед Мустасан Халықаралық бокс қауымдастығы (AIBA) президентінің міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz ақпарат порталына сілтеме жасап. 

AIBA-ның бұрынғы президенті Гафур Рахимов өкілеттігін уақытша тоқтатты. Ол сенбіде ұйымының атқарушы комитетінің шұғыл отырысы кезінде жаңа лауазымға бекітілді, - деп хабарлайды insidethegames.biz тілшісі. 

Еске салсақ, AIBA президенті лауазымына қазақстандық Серік Қонақбаев үміткер болған. Ол сайлауда Рахимовтан жеңіліп, AIBA вице-президенті атанды.