27 желтоқсан 2021 | 11:36

АҚШ-та белгісіз біреу кәсіпқой боксшыны атып өлтірді

Жансая Қадыржанова Корреспондент

АҚШ-та 30 жастағы ауыр салмақта өнер көрсететін кәсіпқой боксшы Дэнни Келлиді белгісіз біреу көлік айдап бара жатқан жерінен атып кетті. Қайғылы оқиға кезінде көлікте оның бүкіл отбасы отырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

АҚШ-та 30 жастағы ауыр салмақта өнер көрсететін кәсіпқой боксшы Дэнни Келлиді белгісіз біреу көлік айдап бара жатқан жерінен атып кетті. Қайғылы оқиға кезінде көлікте оның бүкіл отбасы отырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға 25 желтоқсанда Мэриленд штаты Темпл-Хиллз қаласындағы Сент-Барнабас жолында болды. Полиция мәліметінше, боксшы көлігінің қасына тағы бір көлік тоқтап, жүргізушісі оқ жаудырған.

Дәрігерлер боксшыны құтқара алмаған. Оның отбасы зардап шекпеген. Қылмыскерді табуға көмектесетін ақпарат айтқаны үшін 25 мың доллар сыйақы беріледі.

Реклама
Реклама

Қазір детективтер бұл жолға байланысты болды ма немесе өлтіруге басқа себеп бар ма деген сұрақтар бойынша жұмыс істеп жатыр.

"Келли мырзаның отбасы мен достары үшін өте ауыр жағдай болды. Бүгін Рождествода ол жақындарымен бірге емес. Енді олар мерекені тойлаудың орнына оның қайтыс болғанына қайғырады", - дейді ауыр қылмыс жөніндегі полиция офицері Дэвид Блейзер.

Соңғы жекпе-жегінде Дэнни Ник Киснерді екінші раундында нокаутқа түсірген еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная