28 маусым 2022 00:43

Әлі шешілмеген мәселелеріміз бар - Головкин Канело туралы

©DAZN

Қазақстандық Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) мексикалық Сауль "Канело" Альвареске (57-2-2, 39 КО) қарсы үшінші жекпе-жек туралы ойын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) мексикалық Сауль "Канело" Альвареске (57-2-2, 39 КО) қарсы үшінші жекпе-жек туралы ойын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Боксшы бұл туралы Нью-Йорктегі баспасөз мәслихатында мәлімдеді. 

"Бұл жерде Канеломен қарсылас болғаным жақсы. Бұл - біз үшін де, бокс әлемі үшін де керемет жекпе-жек. Мен өз сөзімнен бас тартпадым. Бізде 17 қыркүйектегі жекпе-жек бар, сол кезде осы тақырыпты жауып, барлық мәселені шешеміз. Айтылған да, айтылмаған да орындалады", - деді Головкин.

"Әр боксшы жеңіске жетуге тырысады. Әсіресе, мұндай қарсыласты жеңу. Біздің әлі шешілмеген мәселелеріміз бар", - деп қосты ол.

"Мен сол күні өзімнің үздік нұсқамды көрсететініме сөзсіз кепілдік беремін. Қолымнан келгеннің бәрін көрсетемін, бұл менің ең жақсы нұсқам болады", - деп түйіндеді GGG.

Реклама
Реклама

Трилогия 17 қыркүйекте Лас-Вегастағы (Невада, АҚШ) T-Mobile аренасында өтеді. Боксшылар екінші орта салмақта жұдырықтасады. 

Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/basty-zhaalytar-438/68788/

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram