10 мамыр 2023 | 16:45

Әлем чемпионаты-2023: тағы бір қазақстандық боксшы жүлдесіз қалды

Фото: instagram.com/drs_kz/

Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық боксшы Серік Теміржанов жүлдесіз қалды, - деп хабарлайды Tengri Sport.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық боксшы Серік Теміржанов жүлдесіз қалды, - деп хабарлайды Tengri Sport.

Теміржанов 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ширек финалда кубалық Сайдель Орта Родригеспен кездесіп, ұпай саны бойынша ұтылды.

Реклама
Реклама

Бірінші раундта қарсыластар бірнеше рет соққы алмасты, бірақ шамамен тең дәрежеде соққы жасағанымен төрешілердің шешімі бойынша кубалық жеңіске жетті - 1:4.

Екінші үш минуттық кезеңде Теміржанов қайтаруға тырысқанымен, қарсылас қарсы шабуылда әрекет етіп, тағы да жеңіске жетті - 0:5.

Үшінші раундтағы текетірес тағы да кубалықтың пайдасына шешілді (0:5), Серік рингте төрешіден ескерту алды.

Кубалықтың қарсыласы болгар Хавьер Ибанес Диас пен үндістандық Хуссам Уддин Мохаммед арасындағы жекпе-жекте анықталады.

Айта кетейік, бүгін, 10 мамырда әлем чемпионатының 1/4 финалында тағы 6 қазақстандық боксшы сынға түседі.

Бұған дейін Қазақстан құрамасының көшбасшыларының бірі Нұрқанат Райыс (75 келіге дейін) турнирден шығып қалған болатын. Одан бөлек Ташкенттегі жекпе-жекті Сәкен Бибосынов (51 келіге дейін), Талғат Сырымбетов (60 келіге дейін), Санатәлі Төлтаев (63,5 келіге дейін), Сағындық Тоғамбай (86 келіге дейін) және Айбек Оралбай аяқтады (92 келіге дейін).

Бокстан әлем чемпионаты Ташкентте 13 салмақ дәрежесінде өтіп жатыр, финалдық кездесулер 14 мамырда өтеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная