26 қазан 2021 | 09:25

Әлем чемпионатында қазақстандық боксшының жекпе-жегінен кейін күтпеген жағдай болды

Дина Шарипханова Корреспондент
Серік Теміржанов (қызылда) және Энх-Амар Хархуу (көкте). ©Видео кадры

Белградта (Сербия) өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында қазақстандық Серік Теміржановтың жекпе-жегінен кейін күтпеген жайт болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Белградта (Сербия) өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында қазақстандық Серік Теміржановтың жекпе-жегінен кейін күтпеген жайт болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

57 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі жекпе-жекте төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен қазақстандық боксшы жеңіске жетті. Жеңімпаз белгілі болған кезде Теміржановтың бұрышы аталып, бірақ жеңілген қарсылас, Азияның қазіргі чемпионы моңғол Энх-Амара Хархуудың есімі аталған.

"Аздап уайымдауға тура келді, бірақ, әрине, қазақстандық өтті", - деп жазды басылым.

Реклама
Реклама

23 жастағы Теміржановтың келесі қарсыласы 2019 жылғы жастар арасындағы Азия чемпионатының жеңімпазы - жапон боксшысы Рейто Цуцуми болмақ.

Еске салайық, Серік Теміржанов 2020 жылғы Токиода өткен Олимпиаданың 1/8 финалында жеңіліп қалған болатын. Қазақстан құрамасының жекпе-жек кестесін мына жерден көруге болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная