Әлемнің экс-чемпионы Головкинді Майк Тайсонға теңеді

© kvedomosti.com

Бірінші орта салма?та?ы ?лемні? экс-чемпионы америкалы? боксшы Фернандо Варга WBA (Super), IBO, WBC ж?не IBF т?жырымдары бойынша орта салма?та?ы ?лем чемпионы ?аза?станды? Геннадий Головкинді (36-0, 33 КО) аты а?ыз?а айнал?ан Майк Тайсонмен салыстырды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бірінші орта салмақтағы әлемнің экс-чемпионы америкалық боксшы Фернандо Варга WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинді (36-0, 33 КО) аты аңызға айналған Майк Тайсонмен салыстырды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Фернандо Варганың айтуынша, Головкин қызық жекпе-жектер өткізеді және оның кездесулері жанкүйерлерді баурайды. Сондай-ақ, америкалық боксшы қазақстандық боксшылар өткізген кездесулерде Тайсонның жекпе-жектеріндегідей нокаут болатынын айтты.

"Головкинге расында да қарсылас табу қиын. GGG - мықты күш иесі. Оның әрбір жұдырығы кездесуді аяқтауы мүмкін. Головкин Тайсон сияқты жекпе-жектерді қызықты етіп өткізеді. Сен нокаут болатынын біліп тұрасың. Мен Головкинді нағыз күш деп санаймын", - деді Фернандо Варга Hustleboss.com басылымына берген сұхбатында.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, америкалық боксшы 18 наурызда өтетін жекпе-жекте Дэниэл Джейкобске қалай әрекет ету керектігін айтты. Варгас "Оскар Де Ла Хойя Феликс Тринидадпен қалай жұдырықтасты, дәл солай жұдырықтасу керек. Барынша жұдырықтасу қажет. Мен тек осыны айта аламын" деді.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама