17 қыркүйек 2022 | 12:18

"Алғашқы жекпе-жекте денеме суретін салғыздым". Ақтөбелік GGG фанатының тарихы

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Геннадий Головкиннің жанкүйерлері оны мексикалық Сауль Канело Альвареске қарсы трилогияда қолдау үшін Лас-Вегаста жиналды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Геннадий Головкиннің жанкүйерлері оны мексикалық Сауль Канело Альвареске қарсы трилогияда қолдау үшін Лас-Вегаста жиналды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Олардың ішіндегі ең танымалдарының бірі - қазақстандық Ержан Тойлыбай. Ол 20 жылдан аса уақыт бойы GGG-ға жанкүйер болып келе жатыр, тіпті денесіне оның суретін салдырған.

"Өзім жас кезімде бокспен айналыстым, Геннадий Головкинді Қазақстан құрамасынан бері қолдадым. Оның бокс өнері ұнайды. Оның алғашқы жекпе-жегі Лондондағы О2 аренасында өтті. Мен ол жерге жұмыстарыммен бардым және жекпе-жекке қатысу сәті түсті. Онда Геннадий өз жұмысын беске орындады, Келл Брукті нокаутқа жіберді. Ал қазір отбасыммен АҚШ-та тұрамын және мүмкіндігінше оның жекпе-жектеріне қатысамын", - дейді Ержан.

Реклама
Реклама

Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов 

Ержанның қыздары АҚШ-та дүниеге келген, бірақ GGG-ға жанкүйер.

"Геннадий Головкиннің жанкүйерімін, сөйтіп, татуировка жасауды шештім. Ол Канеломен алғашқы жекпе-жегін өткізгенде, анық жеңді. Бірақ тең ойын көрсеті деген шешім шығарылды, бұл мені қатты толқытты, сол сәтті есте сақтағым келді. Дәл сол алғашқы жекпе-жекте денеме суретін салғыздым", - деп еске алады Ержан.

Ол денесіне суретті Қазақстанда салғызған. Головкиннің жанкүйері Флоридадан Лас-Вегасқа трилогия үшін келген. Жекпе-жек билеті 800 доллар болған. Бірақ Ержанның жолы болған, өйткені ол бірнеше жыл бұрын кумирімен жеке танысқан.

"Нью-Йорктегі жекпе-жекте рингке көтерілудің сәті түсті. Менде оның суреті болғандықтан, оның менеджерлері мені байқады. Рингте Геннадиймен жеке танысамын. Одан кейін отбасыммен Флоридадағы оқу-жаттығу жиынына бардым. Геннадий Головкин өзінің осындай жанкүйері - ақтөбелік Ержан Тойлыбай бар екенін білгеніне қатты қуаныштымын", - дейді ол.

Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов  

Айта кетейік, бәсекелестердің үшінші айқасы тағы да T-Mobile аренасында өтеді. Қазақстандық уақыт бойынша жекпе-жек 18 қыркүйекте, жексенбіде таңертең өтеді және Qazaqstan және Qazsport телеарналарының тікелей эфирінде көрсетіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная