19 желтоқсан 2020 | 06:40

Әли Ахмедов карьерасында алғаш рет жеңілді

© twitter

Қазақстандық боксшы Әли Ахмедов кәсіпқой рингте алғаш рет жеңілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық боксшы Әли Ахмедов кәсіпқой рингте алғаш рет жеңілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ахмедов Холливудта (Флорида штаты, АҚШ) Геннадий Головкин мен Камил Шеремета арасындағы бокс кешінің андеркардында жұдырықтасты. Қарсыласы эквадорлық Карлос Гангора болды. Боксшылар IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы титулын сарапқа салды.

Реклама
Реклама

Қазақстандық боксшы жекпе-жектің басында сенімді әрі белсенді жұдырықтасқан. Бірақ кездесу соңына қарай эквадорлық боксшы белсендірек әрекет ете бастады. Соңғы раундта Гангора Ахмедовті нокдаунға, көп ұзамай нокаутқа түсірді.  

Осылайша, Ахмедов кәсіпқой бокста алғаш рет жеңіліс тапты. Бұған дейін 16 рет жеңіске жеткен, оның 12-ін нокаутпен тәмамдады. Ол бүгін жеңгенде кәсіпқой бокста Қазақстаннан шыққан бесінші әлем чемпионы атанар еді.

Ал Гангора карьерасында 19-шы жеңісіне қол жеткізді. Бұған дейін ол 18 жекпе-жегінің бәрін жеңіспен аяқтап, 13 қарсыласын нокаутқа түсірген болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная