Әли Ахмедов мексикалықпен жекпе-жек алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Сурет: instagram.com/ali_akhmedov_officialpage

Екінші орта салмақтағы қазақстандық боксшы Әли Ахмедов (17-1, 13 КО) жекпе-жек алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Екінші орта салмақтағы қазақстандық боксшы Әли Ахмедов (17-1, 13 КО) жекпе-жек алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Оның қарсыласы мексикалық Пол Валенсуэла болады (26-10, 17 КО). Жекпе-жек Монтебеллода (Калифорния, АҚШ) бокс кеші аясында 11 желтоқсанда, Қазақстан уақыты бойынша таңертең өтеді.

Еске салайық, Ахмедовтың кездесуі бойынша мәселемен IBF және IBO бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) негізін қалаған GGG Promotions компаниясы айналысады. Қыркүйектегі кейінгі жекпе-жегінде Ахмедов "Пантера" деген лақап атпен танымал Перуан Давид Сегарраны (34-6, 21 КО) мерзімінен бұрын жеңген еді.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама