20 ақпан 2019 | 18:01

Әли Ахмедовтің келесі қарсыласы туралы деректер: ММА файтері, бапкер, Джейкобс командаласы

Майк Гай. © Inside the Ropes Boxing

Кәсіпқой бокста жеңіліп көрмеген қазақстандық 23 жастағы Әли Ахмедовтің (13-0, 10 КО) келесі қарсыласының есімі белгілі болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Кәсіпқой бокста жеңіліп көрмеген қазақстандық 23 жастағы Әли Ахмедовтің (13-0, 10 КО) келесі қарсыласының есімі белгілі болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Ахмедовтің жаңа салмақтағы және 2019 жылғы алғашқы қарсыласы - америкалық 29 жастағы Майк Гай (9-3-1, 5 КО). Америкалық боксшының тоғыз жеңісінің бесеуі нокаутпен аяқталған, сондай-ақ, ол үш рет жеңіліп, бір рет қарсыласымен тең түскен. Кәсіпқой бокста 2011 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Содан бері жартылай ауыр және екінші орта салмқта жұдырықтасқан. 2014 жылы екінші орта салмақта Калифорния штатының чемпионы атанды. 

Реклама
Реклама

Америкалықтың ең танымал қарсыласы украиналық Сергей Деревянченко (12-1, 10 КО). Украиналықпен 2016 жылы 15 наурызда жұдырықтасқан Гай осы күні карьерасында алғаш рет нокаутпен жеңілді. Айта кетейік, америкалық өзінің отандасы Дэниэл Джейкобстың (35-2, 29 КО) спарринг-серігі болған. 

Майк карьерасын тек АҚШ-та өткізген десе болады. Бір ғана кездесуде Германияда алғашқы орта салмақтағы бұрынғы чемпион Джек Кулькайдың (25-3, 15 КО) андеркартында жұдырықтасқан. Соңғы рет ол рингке 2017 жылдың 29 маусымында шығып, сегіз раундтық жекпе-жек қорытындысы бойынша Джуниор Юнонамиден (14-0-1, 10 КО) жеңілді.

Сонымен қатар, америкалық аралас жекпе-жекте де өнер көрсеткен. 2014 жылы 15 ақпанда West Coast Fighting Championship турниріне шығып, бірінші раундта қарсыласы Трайман Смитті нокаутқа түсірген. Алайда келесі жекпе-жегінде оны тағы бір отандасы Джаред Хесс тұншықтыру әдісімен жеңеді. 

2012 жылы Гай Калифорнияда бокс залын ашқан, қазіргі таңда бапкер болып та істейді. Ол әуесқой ғана емес, кәсіпқой боксшылар мен ММА файтерлерін жаттықтырады. 

Америкалық UFC файтері Аспен Леддті жаттықтырады, наурызда ол ұйымның жеңіл салмақтағы бұрынғы чемпионы Холли Холмспен жұдырықтасады.

Еске салайық, Ахмедов негізін қазақстандық Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) қалаған GGG Promotions компаниясының намысын қорғайды. 

Уалихан Қосанбай


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная