Әли Ахмедов Головкин - Роллс андеркатында WBC International титулын иеленді

© Тұрар Қазанғапов

Қазақстандық боксшы Әли Ахмедов (15-0, 11 КО) америкалық Маркус МакДэниэлді нокаутқа түсіріп, карьерасындағы 15-жеңісіне қол жеткізді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

Қазақстандық боксшы Әли Ахмедов (15-0, 11 КО) америкалық Маркус МакДэниэлді нокаутқа түсіріп, карьерасындағы 15-жеңісіне қол жеткізді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

Жекпе-жек Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтті. Кездесу 10 раундқа жоспарланған, боксшылар орта салмақта WBC International титулын сарапқа салды. 

Үшінші раундта Ахмедов қарсыласына бірнеше соққы жұмсап, америкалықты нокдаунға түсірді. МакДэниэл орнынан тұра алғанымен, төреші жекпе-жекті тоқтатып, Ахмедов техникалық нокаутпен жеңіске жетті. 

Реклама
Реклама

Осылайша, қазақстандық боксшы WBC International титулын иеленді. 

Бұл кештің басты жекпе-жегінде қазақстандық Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) мен канадалық Стив Роллс жұдырықтасады.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама