Әлімханұлы АҚШ-тағы жеңісінен кейін рейтингте 66 орынға көтерілді

Камила Долаева Журналист
Василий Ломаченко мен Жәнібек Әлімханұлы. © instagram/janibek_alimkhanuly

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы кәсіби рингтегі бесінші жеңісінен кейін дивизионының рейтингінде бірден 66 позицияға көтеріліп, 84- орынға жайғасты, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы кәсіби рингтегі бесінші жеңісінен кейін дивизионының рейтингінде бірден 66 позицияға көтеріліп, 84- орынға жайғасты, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

2 ақпанда кешке АҚШ аренасында 25 жастағы Әлімханұлы бесінші раундта "Жалдамалы кісі өлтіруші" лақапатты америкалық Стивен Мартинесті нокаутқа жіберді.

Бұл нәтиже қазақстандықты BoxRec рейтингінде орта салмақтағы үздік 100 боксшының қатарына енгізіп 84- орынға жайғасуға мүмкіндік берді. Дивизионды мексикалық Сауль "Канело" Альварес бастайды, ал одан кейін Геннадий Головкин тұр. 

Реклама
Реклама


© instagram/janibek_alimkhanuly

Жеңісінен кейін Әлімханұлы екі салмақ бойынша бұрынғы әлем чемпионы және әлемнің үздік боксшыларының рейтингінде көшбасшысы болған америкалық Андре Уордпен кездесті. Танымал боксшымен түскен суретін ол Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялады. "Жақсы кездесу. Чемпионнан құттықтау сөз естігеннен кейінгі естелік фото", - деп жазған қазақстандық боксшы.


© instagram/janibek_alimkhanuly

Уалихан Қосанбай

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама