Әлімханұлы нокаутпен жеңісінен кейін әлемдік рейтингте жоғарылады

Жәнібек Әлімханұлы. © Top Rank

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (7-0, 3 КО) канадалық Стюарт МакЛелланды (27-4-1, 11 КО) техникалық нокаутпен жеңгеннен кейін BoxRec рейтингінде жоғарылады, - деп хабарлайды Vesti.kz

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (7-0, 3 КО) канадалық Стюарт МакЛелланды (27-4-1, 11 КО) техникалық нокаутпен жеңгеннен кейін BoxRec рейтингінде жоғарылады, - деп хабарлайды Vesti.kz

Америкалық Лос-Анджелесте өткен жекпе-жек бесінші раундта аяқталып, Әлімханұлы WBO Global және WBC Continental Americas аймақтық титулдарын алғаш рет қорғап қалған болатын. 

Осы жеңістен кейін Әлімханұлы BoxRec-тің орта салмақтағы рейтингінде 64-орыннан 63-ке көтерілді. Ал МакЛеллан жеңілістен кейін бір сатыға төмендеді, енді ол 258-орында. 

Реклама
Реклама

Орта салмақтағы қазақстандық боксшылардың ішінде Әлімханұлынан тек Геннадий Головкин мен Қанат Ислам жоғары тұр. GGG қазір екінші орында келеді, ал Ислам 32-сатыда. 

Айта кетейік, орта салмақтағы рейтингте 1580 боксшы ұсынылған. Бірінші орында WBC (Franchise) және WBA (Super) чемпионы Сауль Альварес, үшінші орында америкалық Дэниэл Джейкобс келеді.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама