09 маусым 2022 07:45

Әлімханұлы: "Чарло, Андраде, Канело және Бенавидесті нокаутқа түсіремін"

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
© instagram/janibek_alimkhanuly

Қазақ боксшысы Жәнібек Әлімханұлы The Ring басылымына берген сұхбатында чемпиондарды нокаутқа түсірген кезде ғана жеңісін тойлайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақ боксшысы Жәнібек Әлімханұлы The Ring басылымына берген сұхбатында чемпиондарды нокаутқа түсірген кезде ғана жеңісін тойлайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақстанда менің әрбір жеңісім мереке, барлығы мені құттықтайды. Осындай қуаныш сыйлай алғаныма қуаныштымын. Шынымды айтсам, бірақ өзім әлі тойлағым келмейді. Мен чемпиондарды нокаутқа түсірген кезде ғана тойлаймын.

Мен чемпиондарды іздеймін. Келесі қарсыласым әлем чемпионы немесе атақты боксшы болады деп сенемін. Мен барлық бокс жұлдызын нокаутқа түсіргім келеді.

Мен (WBC титулының иегері Джермалл) Чарло мен (WBO титулының иегері Деметриус) Андрадені, содан кейін (орта салмақтағы сөзсіз чемпион) Канело мен (Дэвид) Бенавидесті нокаутқа түсіремін", - деді орта салмақтағы.

Қазір Әлімханұлының кәсіпқой рингте 12 жеңісі бар. Қазақстандық соңғы жекпе-жегін 21 мамырда Лас-Вегаста өткізіп, ұлыбританиялық Дэнни Дигнумды нокаутқа түсіріп, WBO нұсқасы бойынша "уақытша" әлем чемпионы атанды.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram