22 қаңтар 2019 17:54

Әлімханұлы Головкиннің бұрынғы қарсыласымен спарринг өткізді

© Жәнібек Әлімханұлының командасы

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы (4-0, 1 КО) Геннадий Головкиннің (38-1-1, 34 КО) бұрынғы қарсыласы - америкалық Доминик Уэйдпен (18-1, 12 КО) спарринг өткізді, -деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы (4-0, 1 КО) Геннадий Головкиннің (38-1-1, 34 КО) бұрынғы қарсыласы - америкалық Доминик Уэйдпен (18-1, 12 КО) спарринг өткізді, -деп хабарлайды Vesti.kz.

Жаттығу жекпе-жегі алты раундтан тұрды және бұл қазақстандық боксшы үшін алдағы 28 жастағы "Жалдамалы баскесер" лақап атымен танылған америкалық Стивен Мартинеспен (18-4, 13 КО) жұдырықтасуға дайындық болды.

Реклама
Реклама

"Осы апта 14 раунд спарринг қалды. Бұйыртса келесі апта жекпе-жек. Тас түйін дайынбыз. Бүгінгі спарринг қарсылас Генамен жұдырықтасқан Доминик Уэйд. Бұл батырға да бүгін Қазақ бокс стилін таныстырдық! Жеңісті күнде жүздесейік", - деп жазды боксшы Instagram желісіндегі парақшасында. 

Еске салайық, Головкин Уэйдпен 2016 жылы жұдырықтасты. Қазақстандық боксшы қарсыласын екінші раундта нокаутпен жеңіп, Interim WBC, WBA (Super), IBF, IBO белбеулерін қорғап қалды, ал америкалық карьерасында алғаш жеңілді.

Головкиннен жеңілген соң Уэйд үш жыл рингке шықпады. 1-ші ақпанда ол аргентиналық Мартин Фидель Риоспен жұдырықтасу керек.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Осы апта 14 раунд спарринг қалды. Бұйыртса келесі апта жекпе-жек. Тас түйін дайынбыз. Бүгінгі спарринг қарсылас Генамен жұдырықтасқан Доминик Уэйд. Бұл батырға да бүгін Қазақ бокс стилін таныстырдық! Жеңісті күнде жүздесейік ????????

Публикация от JANIBEK | QAZAQ STYLE (@janibek_alimkhanuly_team) 21 Янв 2019 в 5:38 PST

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram