27 сәуір 2022 09:02

Әлімханұлы жекпе-жек алдында қарсыластарына сес көрсетті

Ұлыбританиялық Дэнни Дигнумның (14-0-1, 8 КО) промоутері Ли Итон "қол астындағы адамға" таңданысын жасыра алмады. Себебі көбі қазақстандық Жәнібек Әлімханұлына қарсы рингке шығуға қорыққан, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Итон қарсыластарын қорқытып қойған қазақстандыққа да риза болған. 

"@dannydignum vs @janibek_alimkhanuly. Вегастағы басты адамдар!!! Мұны көптеген боксшы армандайды және мен Дэнни үмітімді ақтағанына ризамын. Бұл ол үшін өзін көрсететін сәт. Ол бұл жекпе-жектегі өз орнын біледі. Супер, супер, мақтан тұтамын сені. Көбі онымен жекпе-жекке шыққысы келмеді, бірақ сен келістің!!! #LETSGOOOO", - деп жазды Итон. 

Реклама
Реклама

Еске салайық, 21 мамырда Лас-Вегаста қазақстандық Жәнібек Әлімханұлының ұлыбританиялық боксшы Дэнни Дигнуммен титулдық жекпе-жегі кәсіпқой бокс кешінің басты жекпе-жегі болмақ. Ол ESPN арнасында көрсетіледі. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram