15 қаңтар 2020 | 09:28

Әлімханұлы мен Нұрсұлтанов IBF рейтингінде көтерілді

Жәнібек Әлімханұлы. Фото: Top Rank

Халықаралық бокс федерациясы (IBF) өз рейтингілерін жаңартты, - деп хабарлайды Vesti.kz

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Халықаралық бокс федерациясы (IBF) өз рейтингілерін жаңартты, - деп хабарлайды Vesti.kz

Жаңарған рейтингіде төрт қазақстандық бар. Орта салмақта Мейірім Нұрсұлтанов (13-0, 8 КО) тоғыздан сегізінші орынға, Жәнібек Әлімханұлы (8-0, 4 КО) 15-тен 12-орынға көтерілді. Ал жартылай орта салмақта Нұрсұлтан Жаңабаев (8-0, 5 КО) сегізінші сатыда қалды. Бірінші жартылай орта салмақта Батыр Жүкембаев (17-0, 13 КО) 12-орында тұр. 

Реклама
Реклама

Орта салмақта Талдықорғанның тумасы Анатолий Муратов (22-2, 15 КО) 14-позицияда келеді. Германиялық боксшы IBF және WBA рейтингілерінде Қазақстан азаматы ретінде көрсетілген. 

Айта кетейік, Әлімханұлы қазір WBC Continental Americas және WBO Global титулдарының иегері. Ал Нұрсұлтановта WBC (USNBC), Жүкембаевта WBC Continental Americas пен IBF Inter-Continental, Жаңабаевта WBA Inter-Continental, IBF Australasian мен WBO Oriental белбеулері бар.

IBF тұжырымы бойынша Қазақстаннан бір әлем чемпионы бар - Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) орта салмақта ұйым чемпионы атанған. GGG-де қазір IBO титулы да бар. Екі белбеуді де ол былтыр 5 қазанда Нью-Йоркте украиналық Сергей Деревянченконы (13-2, 10 КО) жеңгеннен кейін иеленген.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная