ПОДЕЛИТЬСЯ
07 қыркүйек 2021 | 13:01
Әлімханұлы өзін орта салмақтың патшасы деп атады
Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (10-0, 6 КО) кезекті рет WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы америкалық Деметриус Андрадемен (30-0, 18 КО) жекпе-жек өткізуді талап етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz басылымына сілтеме жасап.

"Эдди Хирн маған орта салмақтағы чемпионыңды - Андрадені бер. Мен оны титулынан айырамын. Мен дивизион патшасымын. Боб Арум, мен дайын", - деп жазыпты Жәнібек Twitter-де.
Еске салайық, қазақстандық боксшы маусымда өткен кейінгі жекпе-жегінде бұрынғы әлем чемпионы америкалық Роб Брантты мерзімінен бұрын жеңді.
Жекпе-жектен кейін Әлімханұлы WBO-ның орта салмақтағы чемпионы америкалық Деметриус Андрадені айқасқа шақырып, жетінші-сегізінші раундта нокаутқа түсіруге уәде берді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также