15 сәуір 2019 | 09:21

Әлімханұлы WBC мен WBO титулдарын жеңіп алғаннан кейін рейтингте көтерілді

Жәнібек Әлімханұлы. Фото: ©Miguel Salazar

Орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (6-0, 2 КО) алғашқы белбеулерін иеленгеннен кейін дивизиондағы рейтингте көтерілді, - деп хабарлайды Vesti.kz

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (6-0, 2 КО) алғашқы белбеулерін иеленгеннен кейін дивизиондағы рейтингте көтерілді, - деп хабарлайды Vesti.kz

25 жастағы Әлімханұлы Лос-Анджелестегі (Калифорния штаты, АҚШ) Staples Center аренасында өткен бокс кешінде өнер көрсеткен болатын. Оның қарсыласы мексикалық Кристиан Оливас (16-5, 13 КО) болған. Боксшылар он раунд бойы жұдырықтасып, Әлімханұлы төрешілер шешімімен жеңіске жеткен. Осылайша, ол WBC Continental Americas және WBO Global белбеулерін иеленген еді. 

Реклама
Реклама

Осы жеңістен соң Әлімханұлы орта салмақтағы BoxRec рейтингінде екі сатыға көтеріліп, 52-орынға тұрақтады. 

Қазақстандық боксшының еншісінде қазір алты жеңіс (екеуі нокаутпен) бар. АҚШ-тағы алғашқы жекпе-жегін 2018 жылы сәуірде өткізіп, бүгінге дейін сол елде төрт рет жұдырықтасты. 

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы америкалық Top Rank промоутерлік компаниясымен жұмыс істейді. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная