17 сәуір 2018 12:45

Альварес бокстан шеттетілсе The Ring чемпион атағын қайтарып алады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tribuna.com © Tribuna.com

Бокс туралы ең көне The Ring журналының редакциясы Сауль "Канело" Альварес допингке байланысты спорттан шеттетілген жағдайда, мексикалыққа берген атағын алып қою туралы шешім шығарды. 


Бокс туралы ең көне The Ring журналының редакциясы Сауль "Канело" Альварес допингке байланысты спорттан шеттетілген жағдайда, мексикалыққа берген атағын алып қою туралы шешім шығарды. 

Бұл жайында басылымның бас редакторы Дуглас Фишер журналдың "Дүйсенбінің хабары" айдарында жазды.  

"Комиссия сәрсенбіде Лас-Вегаста өтетін тыңдаудан кейін "Канелоны" шеттетсе, орта салмақтағы чемпион деген атағымыздан айырудан басқа амал қалмайды", - деп жазыпты ол. 

Еске салайық, 17 және 20 ақпандағы тест Альварестің қанында кленбутерол барын көрсеткен. Боксшының командасы мұны тамаққа қосқан еттің зарарлы болғанымен түсіндірді. Алайда Невада штатының атлетикалық комиссиясы (NSAC) мексикалықты уақытша шеттеті. "Канелоның" өзі 5 мамырда Лас-Вегаста Головкинмен жұдырықтасудан ресми түрде бас тартқан болатын.

Альварес The Ring чемпионы атағын 2015 жылы 21 қарашада Мигель Коттоны жеңгеннен кейін иеленген еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети